OZON Қоймасы
Хабаровск,
Ресей
Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі, толыққанды фулфилменті бар логистикалық хабын салу үшін PERI жабдықтарының 192 тоннасын 3 айға жалға алу. Қабат биіктігі — 5,1 м.
Клиент үшін артықшылықтар
- Қажетті жалдамалы материалдың қоймада болуы және оның жедел жеткізілуі.
- Жобаның барлық кезеңінде тұрақты инженерлік және техникалық қолдау.
-
Талаптар:
- Құюға арналған аймақтың ауданы — 2105 м², қабат биіктігі — 5100 мм, плита қалыңдығы — 250 мм, ригельдің қалыңдығы — 950 мм;
- Ригельдер екі бағытта орналасқан, биіктігі әртүрлі және қадамдары аз, бұл мұнараларды орнатуда шектеулі жағдай туғызады.
-
Шешімдер
Жабын қалыптары бірнеше жалға алынған компоненттерден тұрды: PERI UP ROSETT тіректері, олар жүйені қажетті геометриялық пішіндер мен жүктемелерге оңтайлы бейімдеуге мүмкіндік берді, сондай-ақ жоғары көтеру қабілеті бар қоставрлы ағаш арқалықтар және қажетті өлшемдегі фанера. Мұның барлығы жүйені, жабынды бетондау үшін, барынша икемді етті.
Жабын конструкциясының күрделілігіне байланысты жинақтау сызбаларын дайындау қажет болды, бұл материалды тез және түсінікті жинауға мүмкіндік берді.
Клиент PERI UP Rosett жүйесімен алғаш рет жұмыс істегендіктен, PERI компаниясының техникалық қолдау маманы, жинақтау дұрыстығын бақылау үшін құрылыс нысанында үнемі қатысып отырды.
PERI жабын қалыптары үлкен аралықтарды, күрделі жоспарлы пішіндегі жабындарды құюға, сондай-ақ шектеулі кеңістікте жүйені жинау және орнату жағдайларына өте қолайлы.
Монолитті жабынға арналған қалыпты жалға алу, кез келген күрделілік деңгейіндегі құрылыс жобасының жүзеге асыру уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
PERI UP ROSETT — орындалатын тапсырмалардың кең ауқымына арналған әмбебап модульдік құрылыс орманы. Тік элементтердің арақашықтығы 50 см, ал көлденең элементтердің — 25 см, бұл жүйені қажетті геометриялық пішіндер мен жүктемелерге оңтайлы бейімдеуге мүмкіндік береді.
Вятка фанерасын қалып жүйелерінде жоғары беріктігі, ылғалға төзімділігі, жеңілдігі және ламинация тығыздығы үшін қолданады.
Жабынға арналған қалып бірнеше компоненттен тұрды: PERI UP ROSETT құрылымдары, қоставрлы ағаш арқалық және фанера.

Жобаңызға арналған шешімді іздеп жүрсіз бе?
Қоңырау шалыңыз +7 747 095 92 84 немесе форманы толтыру арқылы кеңес алуға өтініш қалдырыңыз.