PERI жүйесінің танымал элементтерін қамтитын BIM және САПР компоненттерінің кітапханасы
CADENAS BIM каталогы DUO, MAXIMO, SKYDECK, PERI UP FLEX, VARIO және MULTIFLEX жүйелерінен PERI-дің 700-ден астам компонентін қамтиды. Бұл компоненттер стандартты САПР платформаларымен де, жетілдірілген BIM құралдарымен де интеграцияланады. Жүйе элементтері барлық қажетті BIM-деректерді қамтиды және олардың әрқайсысын 100-ден астам түрлі САПР қосымшалар форматында жүктеп алуға болады.
CADENAS әртүрлі жобалар аясында барлық қатысушы топтармен бір жұмыс ортасында болып, өнім туралы бірдей және өзекті ақпаратты пайдалану мүмкіндігін береді.
Барлық компоненттер тегін ұсынылады. Revit®, AutoCAD®, ARCHICAD®, ALLPLAN®, SketchUp® немесе Tekla® жүйелерінің пайдаланушылары үшін, компоненттер кітапханасы олардың өз қосымшасында тегін BIMcatalogs.net плагині арқылы тікелей қолжетімді болып табылады.
BIMcatalogs.net плагинін жүктеп алу арқылы барлық BIM-деректерге лезде қол жеткізуге болады, оның ішінде PERI компоненттері Revit®, AutoCAD®, ARCHICAD®, ALLPLAN® немесе/және SketchUp® үшін.